Трамп жазушы әйелге 83 млн доллар өтемақы төлейтін болды
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп жазушы Элизабет Джин Кэроллға жыныстық сипаттағы зорлық көрсеткені үшін
83 миллион доллар көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді. Америка соты осындай үкім шығарды. Үкімге сәйкес, 11 миллион доллар шағымданушы тараптың абыройын қалпына келтіру жұмыстарына жұмсалуы тиіс. 7 миллион доллар моральдік зиянның өтемі ретінде төленуі керек. Қалғаны айыппұл. Бірақ Трамп сот үкімін мойындаудан бас тартып, оны «ақылға қонымсыз» деп атады. Осыған байланысты істі қайта қарауды сұрады. Естеріңізде болса, былтыр қарашада Элизабет Джин Кэррол өзін экс-президенттің зорлағысы келгенін айтып, сотқа арыз жазған еді.