Қытайда полицияның робот көлігі сынақтан өткізілді
Қытайда алғаш рет жүргізушісіз патрульдік полиция көлігі сынақтан өткізілді.
Заманауи автокөлік қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, тәртіпті қадағалауға арналған. Автономды басқару технологиясы бар теміртұлпардың сенсорлы құралы 360 градусқа айналып, 120 метрге дейінгі аралықты бақылап отырады. Бұл жолдағы жағдайды есептеп, көліктің жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ жазатайым оқиғалар мен құқық бұзушылыққа қатысты сәттерді түсіріп, орталыққа онлайн режимде жолдай алады. Өрт сөндіргіш, алғашқы көмек көрсету жинағы, жарылыстан қорғайтын киімдермен жабдықталған.