Ыстамбұлда шіркеуге шабуыл жасалды

Ыстамбұлда католик шіркеуіне шабуыл жасалды.

Салдарынан 2 адам қаза тапты. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жарақат алғандар бар. Бірақ нақты саны әзірге белгісіз. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, беттерін тұмшалаған 2 адам шіркеудегі тұрғындарға бейберекет оқ атқан. Оларды бұл әрекетке не итермелегені әзірге белгісіз. Қаскөйлер іздестіріліп жатыр.