Венгрия президенті қызметінен кетті
Венгрия президенті Каталин Новак қызметінен кетті.
Бұған оның қылмыскерге рақымшылық жасауы себеп болған. Осыдан бірнеше күн бұрын президенттің мемлекеттік балалар үйінде бірнеше жеткіншекке сексуалды әлімжеттік жасаған ер адамды жазадан босатқаны туралы ақпарат тарап, қоғамда үлкен шу тудырды. Көшеге шыққан мыңдаған халық Новактың орнынан кетуін, талап еткен. Ақыры ол елден кешірім сұрап, қызметінен кетуге мәжбүр болды.
Каталин Новак, Венгрияның бұрынғы президенті:
- Рақымшылық жасау құқығы – ең нәзік міндет. Мен күдіктінің кінәсіздігіне сеніп, өткен жылдың сәуір айында оған рақымшылық жасау туралы шешім қабылдадым. Бірақ қателесіппін. Өйткені педофилияны кешіруге болмайды. Бұл – менің президент ретіндегі соңғы сөзім.