Пхеньян жаңа зымыран жүйесін сынады
Солтүстік Корея баллистикалық зымыранды ұшыруды басқарудың жаңа жүйесін сынақтан өткізді.
Бұл туралы осы елдің Орталық телеграф агенттігі хабарлады. Оны құрастыру процесін Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Ченнің өзі қадағалаған. Жүйенің дәлдігін арттыру үшін көп сынақ жүргізілген. Әскерилер жаңа технология арқылы зымыран ұшыру жылдамдығын күшейтуге қол жеткізілгенін айтады. Пхеньян осы жүйемен басқарылатын қаруларды Оңтүстік Корея шекарасына жақын жерлерге көптеп орналастыруды жоспарлап отыр.