Боливияда лай көшті
Боливия астанасының іргесінде лай көшкіні жүріп жатыр.
Оны 2 күн толассыз құйған жауын-шашын тудырған. Кейінгі 20 жылда болмаған жаңбыр салдарынан аймақтағы өзендер деңгейі бірден көтерілді. Үкіметтен басында қайыр болмаған соң тұрғындар үйдегі мүліктерін шығарып, әлекке түсті. Кейін билік те кірісіп, жүздеген отбасыны қауіпсіз жаққа көшірген. Метеорология қызметі ел астанасы Ла-Паста сары-қызғылт деңгейлі ескерту жариялады. Ерекше режим 20 ақпанға дейін күшінде болмақ.