Сот Трампқа $355 млн айыппұл салды
Нью-Йорк соты АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трампты «Трамп Организейшн» компаниясының активтерін бағалауда алаяқтыққа жол берді деп айыптап, 355 млн доллар айыппұл салды.
Бас прокурордың анықтауынша, бұрынғы Ақ үй басшысы банктерден ыңғайлы шартпен несие алу үшін өзінің материалдық байлығының көлемін көбейтіп көрсеткен. Сондай-ақ Трамптың 2 ұлы 4 млн доллардан төлеуге міндеттелді. Олар «Трамп Организейшн» компаниясын 2017 жылы басқарған. Бұдан бөлек, Трамптың Нью-Йоркте тіркелген кез келген корпорацияда басшы болуына 3 жылға дейін тыйым салынды.