Бішкекте ауа тазалығы қадағаланады
Бішкекте ауаның тазалығын қадағалайтын инспекторлар пайда болды.
Билік түтінмен осылай күреспек. Ұйымның құрылғанына 1 апта болды. Бұл әзірге пилоттық жоба. 2 жылға дейін сынақтан өткізіледі. Инспекторлар көшеде көлікпен тексеріс жүргізіп жүреді. Олар 1 күннің ішінде ондаған құқық бұзушылықты анықтап, 5 мың доллардан асатындай сомаға айыппұл салып үлгірген.