Газа секторында созылмалы ауруы бар науқастар емделе алмай жүр

Газа секторында созылмалы ауруы бар науқастар емделе алмай жүр

Газа секторында созылмалы ауруы бар мыңдаған науқас ем ала алмай жүр.

Халықаралық "Шекарасыз дәрігерлер" ұйымының сарапшылары осылай деп дабыл қақты. Өйткені қақтығыс жайлаған аймақта дәрігер мен дәрі-дәрмек жетіспейді. Қазір Газадағы 36 аурухананың тек 14-і ғана жұмыс істеп тұр. Жалпы анклавта бүйрегіне жасанды қан құятын мыңға жуық науқас пен бүйрегін ауыстырған 450 адам бар. Бірақ олардың бәрі емсіз қалып отыр.