ЕуроОдақта цифрлық қызмет көрсету туралы заң күшіне енді
Ол интернет-платформалар мен әлеуметтік желілелерді, өз қолданушыларын заңсыз контент, тауар мен қызметтен қорғауға міндеттейді.
Әсіресе одақ аумағында 45 миллионннан аса пайдаланушысы бар Фейсбук, Амазон, Гугл секілді компаниялардың жауапкершілігі артады. Талаптар орындалмаса, олар жылдық айналымының 6 пайызына пара-пар айыппұл төлейді. Ереже қайта бұзылса, Еуроодақ аумағында қызмет көрсетуіне тыйым салынуы мүмкін. Ірі интернет-платформалар тікелей Еуропалық комиссияның бақылауында болады. Қолданушылар өз шағымдарын бірден осы органға жолдай алады.