Суданда 25 млн адам аштыққа шалдыққан
Әлем мұнайды саудаға салып жатқанда Суданда 25 млн адам аштықтың зардабын тартып жатыр.
Мұндағы ел үкіметтен қайыр болмаған соң атақонысын тастап, бет ауған жаққа босып барады. Бұл туралы БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілі мәлімдеді. Оның айтуынша, күн сайын мыңдаған судандық шекара асады. Былтыр қақтығыс басталған сәуір айынан бері 500 мың тұрғын оңтүстікке қарай өткен. Олардың 35%-і аш-жалаңаш. «Әсіресе 5 жасқа дейінгі бала көп», - дейді ұйым өкілдері.
Аачал Чанд, БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының маманы:
- Дұрыс тамақтанбау деңгейі өте жоғары. Әсіресе әйелдер мен балалардың қатты зардап шегіп отырғанын байқаймыз. Сондықтан шекарадан өтіп, транзиттік орталыққа көшкен кезде бірқатар қызмет түрлерін қолжетімді еттік.