Грекияда шаруалар шеруге шықты
Грекияда электр қуатының бағасы шарықтап тұр.
Бұған наразы болған мыңдаған шаруа Афины орталығында ереуілдетіп жатыр. Олар жергілікті биліктен бағаны арзандатуды талап етті. Өйткені кіріс азайып, өндіріс орындарын жабуға тура келеді, дейді фермерлер. Осыған дейін билік шаруаларға 10 жылға дейін арзан электр энергиясын беруге уәде еткен еді. Бірақ бұл шешімге халық қанағаттанбады.