Францияда фермерлердің жаппай наразылығы күшейе түсті
Аграрлар Париждегі ауқымды ауыл шаруашылығы көрмесіне баса көктеп кірген.
Олар шараның ашылуына келген ел Президентінің отставкаға кетуін талап етті. Сондай-ақ аграрларға қолдауды кеңейтуді сұрап, ұрандатты. Наразылық акциясын тоқтатуға полиция қызметкерлері жұмылдырылып, салдарынан 8 адам жарақат алды. Нәтижесінде Президент Макронның өзі аграрлар алдына шығып, шағым-тілектерін тыңдады. 4 сағатқа созылған келіссөз аясында Президент ауыл шаруашылығы өнімдерін шетелден импорттауды шектеп, фермерлердің құқықтарын қорғауға уәде берді.
Айта кетейін, елдегі ереуілдің жалғасып жатқанына айға жуықтады. Оған инфляцияға байланысты табыстың төмендеуі себеп болған.