Д. Трамп праймеризде жеңіске жетті

Дональд Трамп Оңтүстік Каролинада Республикалық партия праймеризінде жеңіске жетті.

Ол сайлаушылардың 60% дауысын жинап, қарсыласы БҰҰ-ның АҚШ-тағы бұрынғы елшісі Никки Хейлиді басып озды. Хейли жеңілгенін мойындап, Трампты жетістігімен құттықтады. Бұл жеңіс республикашылар үшін биыл өтетін президент сайлауында үлкен маңызға ие. Дегенмен АҚШ-тың жаңа көшбасшысының кім болатыны туралы қорытынды жасауға әлі ерте. «Өйткені тақау арада қос партияның президенттікке үміткерлерін анықтайтын бірнеше саяси дода өтеді», – дейді сарапшылар.