Газа секторындағы ауруханаға көмек жеткізілді

Газа секторындағы ауруханаға көмек жеткізілді

Газа секторындағы әл-Шифа ауруханасына 19 мың литр жағармай және дәрі-дәрмек жеткізілді.

Газа Денсаулық сақтау министрлігі гуманитарлық көмекті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жеткізгенін мәлімдеді. Ұйым өкілдері зардап шеккендермен кездесіп, өңірдегі ахуалдың жай-жапсырын пысықтады. Сондай-ақ тағы да екі жүк көлігімен көмек жеткізетінін айтты. Естеріңізге сала кетейік, 29 ақпанда Израиль әскері Газаның оңтүстігіне жойқын шабуыл жасаған еді. Соның салдарынан 115 адам қаза тауып, 760-тан астамы ауыр жарақат алды.