Түркияда жер сілкінді

Түркияның Чанаккале провинциясы Йениже ауданында 4,9 баллдық жер сілкінісі болды.

Зілзала Ыстамбұл, Бурса секілді жақын өңірлерде сезілді. Жергілікті уақытпен сағат 21:38-де тіркелген дүмпудің ошағы 10,44 шақырым тереңдікте орналасқан. Елдің денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, жер сілкінісінен қорыққан бір тұрғын, үшінші қабаттағы балконынан секіріп кетіп, қаза тапқан. Жергілікті әкімшіліктің сөзінше, материалдық шығын жоқ. Бұл Түркияда 9 сағат ішінде 4 баллдан жоғары екінші жер сілкінісі. Сағат 11:26-да Қахраманмараштың Эльбистан ауданында 4,4 баллдық тербеліс тіркелген.