Түркия жағалауында 22 мигрант суға батты
Түркия жағалауында мигранттар мінген қайық апатқа ұшырап, 22 адам опат болды.
Арасында балалар бар. 4 жолаушы құтқарылды. Қайыққа мінгендер Таяу Шығыс пен Азия елдерінен шыққан мигранттар болуы мүмкін. Себебі осы аймақтардан қашқан босқындар Түркия арқылы көрші Грекияға өтуге тырысады. Биылдың өзінде түрік жағалауынан Эллада еліне 8 мың адам заңсыз барған.