Алғаш рет адамға доңыздың бүйрегі салынды
Америкалық хирургтар әлемде алғаш рет адамға доңыздың бүйрегін салды.
Олар 62 жастағы науқасқа осы жануардың генетикалық түрленген бүйрегін қойған. Бұл туралы Массачусетс ауруханасының баспасөз қызметі хабарлады. 4 сағатқа созылған операция сәтті өткен. Қазір науқастың жағдайы жақсы. Мамандар америкалық дәрігерлердің жетістігі әлемде көптеген адамның өмірін сақтап қалуға көмектеседі деген үмітте.
Тацуо Кавай, трансплантациялау хирургі:
- Доңыздың бүйрегінің мөлшері адамдікімен бірдей. Оны 69 рет генетикалық өзгерістен кейін ғана адамға салдық. Науқастың қан тамырлар жүйесінде ақау болғанына қарамастан ота жақсы өтті.