Жарақат алғандар үшін қан тапсырылып жатыр
Мәскеуде «Крокус Сити Холл» концерт залында болған лаңкестік әрекет кезінде жарақат алғандар үшін 4 мыңнан астам адам қан тапсырды.
Ниет білдірушілер өте көп: ұзын-сонар кезек қалыптасқан. Әр донорлық бекетте ауыз су мен жылы шай тегін таратылып жатыр. Сондай-ақ тоңған адамдар жылынуы үшін арнайы автобустар қойылған.
Айта кетейік, бүгін Ресейде жалпыұлттық аза тұту күні. Барлық мемлекеттік органдарда ту түсіріліп, салтанатты іс-ашаралар тоқтатылған. 22-ші наурызда бір топ қарулы адам концерт залына кіріп, оқ жаудырған. Соңғы мәлімет бойынша шабуылдан 133 адам көз жұмып, тағы 145-і жараланды. Ресей тергеу комитеті террорлық актіге қатысы бар 11 күдіктіні ұстағанын хабарлады. Тергеу жалғасып жатыр.