Арменияда полиция бөлімшесіне шабуыл жасалды

Армения астанасы Еревандағы полиция бөлімшесіне қарулы топ шабуыл жасады.

Олар ғимарат жанында граната жарған. Бірақ ішке кіре алмаған. Ереван әкімшілігінің баспасөз хатшысы Айк Костанянның мәлімдеуінше, 3 адам шабуылдаған. Оның екеуі жарақат алды. Шабуыл жасалған аумақ қоршауға алынған. Әзірге басқа ақпарат жоқ.