Моңғол даласын жұт жайлады
Малдың жайына қанық Монғолияны жұт әбден тығырыққа тіреді.
Былтыр жыл аяғында Моңғолияда қой, ешкі, жылқы және сиырды қосқанда барлығы 65 миллионға жуық бас мал болған. Қыста соның 1 жарым миллионы қырылып қалды. Өйткені аяз 50 градусқа дейін көтерілген. Жалпы елде мұндай жұттың ең ірісі 2010-2011 жылдары болып, 10 млн бас мал қырылса, 2022-2023 жылдары 4 жарым млн мал аязда қатып қалған.
Хосбаяр, малшы:
- Бұдан да ауыр кезеңдерді бастан өткердік. Биыл қыс өзінше қатты болды. Өзім бағып отырған 2 сиырымды жұт жұтып кетті. Қазір енді қалғанын жайылымға шығармай, қорада ұстап отырмыз.