Түркияда 147 адам тұтқындалды
Барлығы «ДАИШ» лаңкестік ұйымымен байланыста болды деген күдік бар.
Елде ұйымға қарсы арнайы лаңкестік операциялар жиі ұйымдастырылып отырады. Кейінгі 10 айдың ішінде 1300-ден аса осындай шара өткен. Соның барысында 3 мыңға жуық адам қамауға алынды. Олар шиеленіс аймақтарында қарулы қақтығыстарға қатысып, лаңкестікті қаржыландыруға көмектескен.
Айта кеткен жөн, өткен аптада Мәскеудің «Крокус Сити Холл» концерт залындағы шабуылдан кейін бірқатар елде қауіпсіздік шаралары күшейтілді.