Брюссельдегі отандастарымыз қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды
Брюссельдегі отандастарымыз елдегі су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсетіп, қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Бұл шара Qazaq Society қазақстандық студенттер қауымдастығының бастамасымен және Бельгиядағы елшілігіміздің қолдауымен жүзеге асуда. Қайырылымдылық жәрмеңкесіне еліміздегі танымал суретшілердің туындылары, зергерлік бұйымдар мен кәдесыйлар қойылды. Сондай-ақ, келген қауымға ұлттық тағамдарымыз ұсынылды. Жәрмеңкеден түскен қаражат, көмек қорларының шоттарына жібереледі. Айта кетейік, Бельгиядағы студенттеріміз мұндай қайырымдылық іс-шараны осымен екінші рет өткізіп отыр.
Мадина Базархан, суретші:
- Өз елімізден жырақта жүрсек те, ел басына қиын-қыстау күн түскен кезеңде,, қолымыздан келгеннің бәрін жасауға тырысып жатырмыз. Біз де уайымдаймыз. Тасқыннан зардап шеккен әр отбасыға сабыр тілеймін. Қандай жағдай болмасын, әркез қол ұшын созуға дайынбыз.
Әлім-Сері Махамбетәли, «Ku Leuven» университетінің студенті:
- Осы бүгінгі жәрменкеміздің басты мақсаты осы баршамыз білетіндей Батыс Қазақстанда болып жатқан су тасқынынан көптеген адамдар зардап шекті. Осы бүгін өзіміздің ұлттық тағамдарымзды және киімдерімізді және басқа да заттарамызды сатып, кішкене болса да ақша жинап, сол зардап шеккендерге жіберейін деп жатырмыз осы ақшаны.