«Мона Лиза» Лувр жертөлесіне көшіріледі

Париждегі Лувр мұражайындағы әйгілі «Мона Лиза» картинасы жертөлеге көшіріледі.

Бұл көрмеге келуішілер үшін жасалып отыр. Кейінгі уақытта көпшілік тарапынан картинаға қатысты наразылық көбейген. Құнды картина тұрған жер қауіпті болғандықтан, мұражай мамандары жаңа зал ашуды көздеп отыр. Сарапшылар көшіруге кететін шығынды 500 миллион еуроға бағалады.