Қырғызстанда 29 баланы жүк көлік қағып кетті

Қырғызстанда жүк көлігі 29 баланы қағып, 18 бала жарақат алды.

Олардың жетеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Жапа шеккендер 9 бен 16 жас аралығындағы жасөспірімдер. Оқиға Жалал-Абад өңіріне қарасты Созақ ауданында ауқымды іс-шара кезінде болды. Жүргізуші көлікті тау баурайындағы жоталы жерге қалдырып, қол тежегішін қосуды ұмытып кеткен. Салдарынан көлік төмен қарай құлдилап, мерекеге жиналған балаларды қағып өтті. Қазір тергеу жүріп жатыр.