Жапония 6G байланысын сынақтан өткізді
Жапондықтар алғаш рет 6G байланысын сынақтан өткізді.
Оның көмегімен интернет жылдамдығы секундына 100 гигабитке дейін жеткен. Бұл 5G-мен салыстырғанда 10 есе тез. Ол секундына жақсы сападағы 9 фильм жүктеуге жетеді. Мамандар: «әзірге оны қолданысқа енгізуге ерте», – дейді. Бұл тек 2028-2030 жылдарғы ғана мүмкін екенін айтады. Сөйтіп, келешекте 6G байланысының көмегімен жүргізушісіз жүретін көліктерді тиімді басқарып, телемедицина мен виртуалды технологиялардың мүмкіндіктерін кеңейтуге болады.