Ресейде коронавирустың жаңа түрі анықталды

Ресейде FLIRT деп аталатын коронавирустың жаңа түрі анықталды, деп хабарлайды 24KZ.

Қазірге дейін дертті 178 адам жұқтырған. Бұл туралы елдің санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету комитеті мәлімдеді. Мамандар оны жұқтырғандарда дене қызуы, жөтел, тамақ ауруы сияқты нышандар байқалатынын айтады. Кесел АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа және Израильде де тіркелген. Бірақ мамандар бұл вирустың аса қауіпті емес екенін, десе де, сақ болу қажеттігін ескертеді.