БҰҰ жоғары соты Израильге үкім шығарды
Біріккен Ұлтттар Ұйымының жоғары соты Израильге Рафахтағы атысты тез арада тоқтатуды міндеттеді.
Сондай-ақ гуманитарлық көмек кіретін Газа мен Мысыр шекарасындағы бақылау пунктін ашуды талап етті. Сот төрағасы Наваф Салам Израильдің әрекетін айыптады. Бір ай ішінде бұл мемлекеттің билігінен аталған бұйрықтың орындалуы туралы есеп беруді сұрады. Ал Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху болса алдағы аптада сот үкіміне байланысты өз үкіметінің мүшелерімен ақылдасатынын мәлімдеп отыр.