Коронавирус өмірді қысқартты
Коронавирус салдарынан әлемдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 71 жыл төрт айға дейін қысқарды.
Яғни көрсеткіш 2 жылға азайды. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі. Covid-19 пандемиясы Солтүстік және Оңтүстік Американың, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азияның аймақтарына қатты әсер етті. Жаһанды жайлаған коронавирус 2020-2021 жылдардағы әлемдегі өлім-жітімнің негізгі себебі болды. Осы кезеңде дерттен 13 миллионға жуық адам көз жұмды.