Папуа-Жаңа Гвинеяда лай көшкінінен қаза тапқандар саны артты

Папуа-Жаңа Гвинеяда лай көшкінінен опат болғандардың саны 300-ге жетті.

Табиғи апат салдарынан 6 елді мекенді тас аралас лай батпақ басып қалған. 1200-ге жуық үй бүлінген. Қазір жапа шеккен аймақтарда іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ онда жету мен із-түзсіз кеткендерді іздестіру қиынға соғуда - дейді мамандар. Өйткені адамдардың көбі үйінді астында қалған. Ал елді мекендерге тікұшақпен ғана жету мүмкін.