Испанияда алапат су тасқыны тұрғындарды әбігерге салды

Испанияда алапат су тасқыны болды, деп хабарлайды 24kz.

Елдің солтүстік-батысында 1 сағаттың ішінде жауын-шашынның рекордты мөлшері түскен. Бәрінен бұрын Каласпарра мен Альтиплано елді мекені тұрғындарына қиын болып тұр. Су егіс алқаптарын шайып кеткен. Сондай-ақ Мурсия провинциясында қауіп-қатердің «сары» деңгейі жарияланды. Мальорка аралында Пальма әуежайында су ұшу алаңдарына және ғимараттарға дейін кіріп кеткен. Әуежай жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр.