Сингапур жағажайына мұнай төгіліп, уақытша жабылды
Сингапурде бірнеше жағажай уақытша жабылды, деп хабарлайды 24kz.
Теңіз терминалында екі жүк кемесі соқтығысып, су айдындарына мұнай төгілген. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, танкерлердің бірі Сингапур, екіншісі Нидерланд компаниясына тиесілі. Апат салдарынан мұнай қалдықтары 10 шақырым жерге таралған. Қазір оны жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.