Бразилияда бір айда 2500 орман өрті тіркелді
Әлемдегі ең ірі батпақты өңірдің бірі – Бразилиядағы Пантанал штатында маусым айының басынан 2,5 мың орман өрті тіркелді, деп хабарлайды 24kz.
Бұл – кейінгі 25 жылда болмаған жағдай. Қазіргі ахуал 2020 жылғыдан да қиын. Ол кезде табиғаты таңғажайып аймақтың үштен бірі өртеніп, 17 миллион жануар қырылып қалған еді. Мамандар бұған климаттың өзгеруі себеп дейді. Сонымен қоса, ахуалдың осылай ушығуына адамның іс-әрекеті де әсер еткен. Сондықтан билік фермерлерге егіс алқаптарында масақ өртеуге тыйым салды.
Марина Силва, Бразилияның қоршаған ортаны қорғау министрі:
- Орман өртінің жиілеуіне климаттың өзгеруі, су тапшылығы мен ормандардың оталуы себеп. Тіліз жаудың 85%-інде адамдар кінәлі болады. Өрт оқиғаларының көбі ормандары оталған аймақтарда тіркеліп жатады.