Ғалымдар инсультті анықтайтын қосымша ойлап тапты
Аустралия ғалымдары жасанды интеллектінің көмегімен инсультті алдын ала анықтайтын қосымша ойлап тапты.
Ол бет бұлшықеттерінің қозғалысы арқылы бірнеше секундта аурудың белгісі бар-жоғын дәл табады. Тек адам бір сәтке күлімсіресе жеткілікті. Ал оның беті жиырылса, қосымша жақында болған инсультті брден аңғарады - дейді жоба авторлары.
Технологияны мамандар еріктілер арасында сынап көрген. Сынақ нәтижесі инсультке шалдыққан науқастардың 82%-ын дәл тауыпты.