Джо Байден коронавирус жұқтырып алды

АҚШ президенті Джо Байден коронавирус жұқтырып алды.

Бұл туралы оның баспасөз қызметі хабарлады. Ақ үй басшысы дертке Лас-Вегастағы сайлауалды науқаны барысында шалдыққан. Енді 81 жастағы саясаткердің бір аптадай саяси-қоғамдық іс-шараларға қатысуы шектелуі мүмкін. Себебі, АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу басқармасы COVID-ті жұқтырғандарға 24 сағат оқшаулануға, ал егер қызу көтерілсе, 5 күн бетперде тағуға кеңес береді. Ақ үй өкілдері президенттің ауруы жеңіл өтіп жатқанын айтады. Ал тұрғындар Байденнің кенеттен сырқаттанып қалғанына қатысты түрлі пікірде.

Блиц 1:

- Менің ойымша, бұл қолдан жасалып отырған дүние. Байденнің ауырып қалғанына сенбеймін. Демократтар мұны Байденнің теледебатқа қатыспауы үшін және басқа да жағдайларды ақтау мақсатында жасап отырған сияқты.

Блиц 2:

- Байденнің өзін өзі оқшаулауы өте дұрыс. Бұл вирусты басқаларға жұқтырып алмау үшін істеліп отыр, ешқандай да айла емес. Мен оны қолдаймын. Оның президенттік додаға түскенін қалаймын.