Мальдив аралдары Израиль азаматтарына елге кіруге тыйым салады

Мальдив аралдары Газа секторындағы қақтығысқа байланысты Израиль азаматтарына ел аумағына кіруге тыйым салады.

Бұл туралы жергілікті билік хабарлады. Президент кеңесі Министрлер кабинетінің ұсынысымен осындай шешім қабылдаған. Үкімет қолданыстағы заңға түзету енгізіп, оны қадағалау үшін Министрлер кабинетінің кіші комитетін құрады. Израиль Сыртқы істер министрлігі тыйым салу туралы хабардан кейін аралға барудан бас тартып, онда жүрген азаматтарға елге қайтуға кеңес берді.

«Өйткені олар белгісіз себеппен қиындыққа тап болса, көмектесу мүмкін болмайды», дейді.