ДДСҰ: Маймыл шешегімен күреске $135 млн қажет

Әлемде маймыл шешегі ауруының таралуын тоқтату үшін алдағы жарты жылда шамамен 135 миллион доллар қажет.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус осылай деді. Оның айтуынша, қауіпті инфекциямен күрес халықаралық қауымдасты тарапынан кешенді шаралар мен бірлескен іс-әрекетті талап етеді. Естеріңізге сала кетейін, тамыздың 14-і күні аталған ұйым маймыл шешегі дертінің дендеуіне байланысты халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай режимін жариялаған болатын.