Қытай билігі шетел азаматтарына бала асырап алуға шектеу қойды
Қытайдан шетел азаматтарына бала асырап алуға шектеу қойылды, деп хабарлайды 24kz.
Яғни, билік бұл елмен қандас туыстығы болмаса, бала асырап алуға рұқсат етпейді. Жергілікті Сыртқы істер министрі Мао Нин осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінше, өтініші қаралып жатқан шетел отбасылары үшін де жоба күшін жойды. АҚШ үкіметі бұл жағдайға қатты алаңдаулы. Өйткені осы елден жүздеген америкалық отбасы бала асырап алуға өтініш берген. Бұған дейін американдықтар Қытай елінен 83 мыңға жуық баланы бауырына басқан. Бұл – әлемнің өзге елдерімен салыстырғанда ең жоғары көрсеткіш.