Аргентинада шеру соңы қақтығысқа ұласты

Аргентинада шеру соңы қақтығысқа ұласты

Аргентина халқы тағы көшеге шықты.

Алайда бейбіт басталған шеру көп ұзамай полициямен қақтығысқа ұласты. Ашуға булыққан топты тарату үшін тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолданды. Тәртіпсіздік кезінде 30 адам зардап шеккен. Аргентина азаматтары зейнетақыны ұлғайтуға қарсы заңның бұғатталуына наразы. Жуырда ел парламентінің төменгі палатасы осындай шешім қабылдаған еді. Жалпы кейінгі жылдары Аргентина экономикасы қиын кезеңді бастан өткеріп келеді. Жылдық инфляция деңгейі 236 пайыз шамасында. Орташа зейнетақы көлемі 231 долларды құрайды. Ал тұтыну себеті 300 долларға жақындап қалған.