Иранда кеніштегі жарылыстан көз жұмғандар саны 51 адамға жетті

Иранда көмір кен орнында болған жарылыстан көз жұмғандар саны 51 адамға жетті.

Қайғылы оқиға Оңтүстік Хорасан провинциясындағы Табас қаласында кешкі сағат 9-да болды. Жергілікті ақпарат агенттігінің хабарлауынша, метан газы жарылған. Құтқару операциясы жалғасып жатыр. «Сондықтан құрбандар қатары әлі де өсуі мүмкін», – дейді билік өкілдері. Жарылыс болған кезде жер астында 69 жұмысшы болған, олардың 17-сі құтқарылды. Түрлі дене жарақатын алды. Иран президенті Масуд Пезешкиан марқұмдардың туыстарына көңіл айтты.