Еуропа тасқын салдарымен күресіп жатыр
Румынияның Галац аймағын қайта су басты.
Мыңдаған үй, жолдар мен көпірлер бүлінген. Венгрияда Дунай өзенінің деңгейі 642 сантиметрге көтеріліп, су парламент ғимаратының ернеуіне дейін келген. Құтқарушылар құм толы қап төсеп әлек. Ал Италия материалдық шығындарын есептеуге кірісті. Билік бастапқы көмек ретінде 20 млн еуро бөлген. Тасқын салдарымен күреске еріктілер тартылды.