Газа секторы гуманитарлық ұйымдар үшін қауіпті аймаққа айналды

Газа секторы - гуманитарлық ұйымдар үшін ең қауіпті жер.

БҰҰ-ның өкілдері осылай деп отыр. Бір жыл ішінде мұнда гуманитарлық ұйымдардың 300 қызметкері қаза тапқан. Мамандар жергілікті әлеуметтік маңызы бар мекемелерге жасалған шабуылдарды да айыптады. Бір жылда атыс-шабыстан 500-ден аса медициналық мекемеге соққы жасалған.  

Швейцария

Рамеш Раджасингхам, БҰҰ Гуманитарлық сұрақтарды үйлестіру жөніндегі басқармасының директоры:

"Газа секторы БҰҰ мен серіктерстеріне жұмыс істеу үшін ең қауіпті аймаққа айналды. Біздің қоймаларға шабуыл жасалды. Жолдар бүлініп, ғимараттар талқыланды. Соған қарамастан қызметкерлеріміз аймақ тұрғындарына көмек көрсетуін жалғастыруда. Жергілікті халық үшін ең маңызды тауарлар шекарада тұр. Өйткені Газаға кіргізуге рұқсат жоқ. Жуырда біздің қызметкерлер мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері Газаның солтүстігіндегі ауруханаға бармақ болды. Бірақ Израиль әскерилері жібермеді. Рұқсат алғанның өзінде бірнеше сағат күтуге тура келді. Ақырында миссия орындалмай қалды."