Пхеньян Сеулге «соңғы ескерту» жасады

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореядан саяси үнпарақтар жіберуді тоқтатуын талап етті.

Бұл соңғы ескерту екенін айтты. Әйтпесе шекарада әскери дайындық жағдайына көшіп, шабуылға өтуіміз де ғажап емес дейді. Ресми Пхеньянның хабарлауынша, Сеул үнпарақтар тарату үшін ұшу аппараттарын ұшыру арқылы елдің егемендігі мен қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Бірақ Оңтүстік Корея билігі көрші елге аппараттарды жібермегенін айтып, айыптарды жоққа шығарып отыр.