Boeing компаниясы 17 мың қызметкерді қысқартатын болды
Боинг компаниясы 17 мың қызметкерін қысқартатын болды.
Мұндай шешімді америкалық кәсіпорынның атқарушы директоры қабылдады. КЕлли Ортбергтің айтуынша, жұмысшылардың тоқтаусыз шеруінен өндіріс тоқтап қалған. Соның кесірінен 777 Икс әуе кемесінің құрылысы бір жылға кейінге шегерілген. Бұдан бөлек Боинг 767 сериялы жүк ұшақтары өндірісін тоқтатпақ. Осындай жағдайға байланысты компанияның акциялары 2 пайызға төмендеп кеткен. Естеріңізге сала кетейін, бұған дейін кәсіпорын басшылығы мен кәсіподақ өкілдері шеруге шыққан қызметкерлермен еңбек жағдайларын жақсарту және жалақы мөлшерін арттыру бойынша келіссөздер өткізген еді. Алайда тараптар ортақ мәмілеге келе алмады. Жалпы жұмысшылардың шерулетіп жатқанына 1 ай болды. Наразылық акциясына 30 мыңға жуық адам қатысқан.