Илон Маск робот таксиді көпшілік назарына ұсынды
Tesla компаниясының басшысы Илон Маск Сайберкаб ((CyberCab)) деп аталатын робот таксиді таныстырды.
Көлік жасанды интеллект арқылы басқарылады. Бір ерекшелігі оның ролі мен тежегіші жоқ. Такси тек екі жолаушыға арналған. Көлік нарыққа 2 жылдан соң шығарды. Ал құны 30 мың доллар болуы мүмкін. Әзірге тәжірибе аясында 50 модельден тұратын партия шыққан. Мұнымен қоса Роба-Ван атты робот фургон таныстырылды. Шағын автобус 20 жолаушыға арналған. Кәсіпкердің айтуынша, жүргізушісіз қозғалатын бұл модельдер әдеттегі көліктерге қарағанда 10 есе қауіпсіз. Тұтынушылар робот-такси мен робот-фургонды шақыруы үшін арнайы қосымша арқылы қоңырау шалуы керек.