«Хезболла» Израильдің әскери базасын атқылады
«Хезболла» Израильдің солтүстігіндегі әскери базаны дронмен атқылады.
Салдарынан 4 азамат қаза тауып, 67 адам жарақат алды. Олардың 37-сі қазір ауруханада жатыр. Үшеуінің жағдайы ауыр.
Қозғалыс мүшелерінің айтуынша, бұл шабуыл Бейрут пен Ливанның оңтүстігіне жасалған соққыларға жауап ретінде жасалған. Ол үшін бірнеше ұшқышсыз аппарат қолданылған. «Алайда тек екеуі ғана Израиль аумағына жетті», – дейді CNN. Телеарнаның дерегі бойынша құрылғының біреуі Хайфа қаласы маңында атып түсірілсе, екіншісі Биньямин ауданында жарылған.