NASA ғарыш кемесі Юпитерге аттанады

NASA ғарыш кемесі Юпитерге, нақтырақ айтқанда оның серігі Еуропаға аттануға дайын.

Еуропа дегеніміз, кәрі құрлық емес. Юпитер ғаламшарының 95-ші серігі. Былтыр, ғалымдар "Джеймс Уэбб" телескопының көмегімен осы Еуропаның қойнауынан көміртек тапты. Содан бері, аталған аспан денесінде тіршілік бар деген болжам айтылып келеді. Ғалымдар Юпитер серігінде көмірсутек бары жөнінде телескоп мәліметін сараптап, ол мұз астындағы тұзды судан келіп жатыр деген қорытындыға келген. Дегенмен, ғалымдар көмірсутекті,, тірі ағзалар шығарып жатыр ма, жоқ па деген сұраққа әзірге жауап бере алмай отыр. Алдағы ғарыш сапарының негізгі миссиясы да осы болмақ.