Д. Байден Израильден БҰҰ бітімгерлеріне шабуыл жасамауды талап еткенін мәлімдеді

АҚШ президенті Джо Байден Израильден Ливандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлеріне шабуыл жасамауды талап етті.

Ол бұл туралы дауылға қатысты брифинг кезінде сұрақ қойған журналистке жауабында мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, Израильдің Ливандағы Рамия ауылына шабуылы кезінде Біріккен ұлттар ұйымы бітімгерлерінің сарбазы жарақат алған болатын. Мұндай жағдай бесінші рет болып отыр. Халықаралық бекітілген тәртіп бойынша қақтығыс алаңында жүрген бітімгерлерге қастандық жасауға болмайды. Осыған байланысты Франция, Италия, Испания Израильдің әрекетін сынға алды. Ал Израиль Біріккен Ұлттар Ұйымына Ливаннан сарбаздарын дереу шығаруын сұрап отыр.