Израиль Ливанның солтүстігін cоққылап, 18 адам көз жұмды
Израиль әскері Ливанның солтүстігіндегі Аиту қаласын әуеден соққылады.
Қызыл крест мәліметі бойынша, соның салдарынан 18 адам қаза тауып, тағы төртеуі жарақат алған. Бұған дейін еврей елінің әскерилері негізінен көрші елдің оңтүстік аудандарын, Бекаа алқабы мен бас қаласы - Бейрутті әуеден шабуылдап келген. Бұл жолғы соққы кезінде "Хезболла" ұйымының жоғары лауазымды өкілдерінің бірі нысанға алынған болуы мүмкін. Ал Израиль тарапы Ливан аумағынан 3 зымыран ұшырылғанын хабарлайды. Олардың барлығы да көкте атып түсірілген.