Еуроодақ Израильді қатаң айыптады

Люксембургте өткен Еуроодақ елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуінде талқыланған негізгі мәселелердің бірі Таяу Шығыстағы қақтығыс пен Израильдің БҰҰ-ның бітімгерлік күштеріне жасаған шабуылы. 

Еуропалық одақ елдері бұл шабуылды қатаң айыптап, Израиль билігін аймақтағы атысты тез арада тоқтатуға шақырды.

Жанат Эрнст, тілші:

- Ливандағы БҰҰ бітімгершілік күштеріне Израильдің шабуылдары мүлдем қабылданбайды, деді Еуроодақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррел. Таяу Шығыстағы соңғы оқиғаларға оның ресми жауабы осындай. Жозеп Боррел БҰҰ бітімгершілік күштері Ұйымның бас хатшысына ғана емес, Қауіпсіздік кеңесіне бағынатынын баса айтып, Израиль билігін Антониу Гутерришке шабуыл жасауды тоқтатуға шақырды. 

Жозеп Боррель, Еуроодақ  дипломатиясының басшысы:

- Кеше түнде ұзақ сағаттық талқылаудан кейін ЕО-ның 27 елі Ливандағы UNIFIL бітімгершілік күштерін қолдау туралы мәлімдемесін қабылдауға келісті. Олардың барлығы UNIFIL-ге шабуылдарды тоқтатуды талап етуде.  Бұл миссияға Еуродақтың көптеген елдері қатысуда. Олардың жұмысы өте маңызды. БҰҰ күштеріне шабуыл жасауға мүлдем жол берілмейді. 

Жанат Эрнст, тілші:

- Боррельдің берік ұстанымын Люксембургке ЕуроОдақ елдері Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысып отырған барлық әріптестері қолдады. Олардың арасында Нидерланд, Испания және Францияның сыртқы істер министрлері бар. Бүгін Еуроодақ елдерінің сыртқы істер министрлері қорытынды мәлімдеме қабылдап, Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты өз шешімдерін  жариялайды деп күтілуде.

Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов